$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Терроризммен күресуші Еуразиялық топ өкілдері Ақтөбеге қатысты әдіс нәтиже бермеді деді

AstanaTV
09.06.2016ж. 20:00
1341
Терроризммен күресуші Еуразиялық топ өкілдері Ақтөбеге қатысты әдіс нәтиже бермеді деді

Біздің әдістеріміз Қазақстанда жұмыс істемеді. Бұл туралы қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топ жетекшісі мәлімдеді. Астанада өтіп жатқан Еуразиялық топтың 24-ші пленарлық отырысы аясында баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды.

Топтың пленарлық отырысы Ақтөбедегі лаңкестік әрекеттен көз жұмған жандарды бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды. Ақтөбедегі оқиға жұмысымызды тағы бір реттеу керектігін айқын көрсетіп берді. Террорлық әрекеттер орын алып жатса, демек жұмыстарымыз тиімді емес, - деп атап өтті Юрий Чиханчин.  Сонымен қатар ол мемлекеттердегі жағдайды тұрақсыздандыру үшін коммерциялық ұйымдардың қолданылатынын растады.

Юрий Чиханчин, қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық тобының төрағасы:

Біз жағдайды бағалап жатырмыз. Қай жерде олқылық кетті, Қазақстанда біздің әдістеріміздің нәтиже бермей қойғанын қалайша көрмей қалдық? Террорлық актілердің басқарма орталықтары, әрине, Қазақстанда емес. Басқа жерлерден үйлестіріледі. Ондай орталықтарды табу өте қиын. Іске қосқан әдістемеміз Еуразиялық топ позициясынан ТМД елдеріне қатысты жұмыс істейтін 30-дан астам халықаралық ұяшықты анықтауға мүмкіндік берді. Осы бағытта бірнеше адам ұсталып, қылмыстық істер қозғалды. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ