Атышулы
ЭКСПО ісіне бүгін нүкте қойылды.
Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты
қылмыстық істегі басты фигурант - Талғат Ермегияевқа жаза кесті. Ол 14 жылға бас бостандығынан
айырылатын болды. Бар мүлкі тәркіленіп, қазынаға 5 млрд теңге қайтаруы тиіс.
Процесте сондай-ақ, оның сыбайласы болған тағы 10 адамға үкім шығарылды. Сот залынан тілшіміз Құралай Пионер
тарқатады.
Құралай Пионер, тілші:
Қатарында
кілең «ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының топ менеджерлері бар күдіктілер былтыр
мамыр айынан бастап тұтқындала бастаған еді. Тергеу мәліметіне қарағанда,
қылмыстық топ мемлекетке тиесілі 10 млрд 200 млн теңгені талан-таражға салған.
Оның 4 миллиардтан астамы тікелей Ермегияевтің қалтасына түсіпті.
Сөйтіп,
«ЭКСПО-17» ұлттық компаниясының жетекшісі Талғат Ермегиев бастаған 23 адам
қамауға алынғанды. Бүгін басты
фигурант Ермегияев сот шешімімен 14
жылға сотталды.
... окончательно назначить Ермегияеву наказание в виде 14 лет лишения
свободы, с конфискацией имущества, добытые преступным путем или приобретенные средства, добытые преступным путем. Лишить права занимать пост руководителя
госслужбы и коммерческих компаний.
Сондай-ақ ұлттық компанияның экс-басқарушы директоры
Суламбек Баркинхоев 8 жылға темір торға қамалатын болды. Оның да мүлкі
тәркіленеді, бұдан былай басшы қызметіне отыруына құқығы жоқ. Өзге тұлғалар 4
жыл мен 10 жыл аралығында жаза арқалады.
Соңғы үкімді тыңдауға келгендердің
қарасы көп. Талғат Ермегиевтің қолына
кісен салынып, бірден абақтыға әкетілді. Сотталғандардың туыстары мен адвокаттары
үкіммен келіспейді. Сондықтан енді іс апелляциялық сотта қаралуы мүмкін.
-Можете
прокомментировать ситуацию. Что дальше будете делать?- Нет не согласны, будем
обжаловать!
-Можете
в защиту своего родственника что-то сказать?- Я ничего не могу сказать, я просто не согласна!
Сот
процесі сәуір айында басталған еді. Тыңдалым барысында түрлі жайттердің беті
ашылып жатты. Мәселен, айыптылардың бірі - Сейіт Сейітов сот барысында
«Ермегияев ЭКСПО ауласын қоршауға бөлінген қаржының 400 млн теңгесін жеке өзіне
беруге бұйырды» деп мәлімдеді. Ақшаны көлік жүргізушісі Саят Надірбаевтың
делдалдығымен алып отырғанын да жайып салды. Нәдірбаев - 8 ай іздеуде болып,
наурызда ғана қолға түскен қылмыстық топтың соңғы мүшесі.
Құралай
Пионер, тілші:
Айта
кетсек, ЭКСПО ақшасын жымқырғандарға қатысты үкімнің алды кеше шығарылған еді.
Онда 11 адамға жаза берілген. Соның бірі - Қажымұрат Үсенов 2 жылға сотталса,
өзге төртеуіне 6 айдан 4 жыл аралағында темір торға отыруы тиіс. Тағы бесеуі
тек қомақты айыппұл төлеуге міндеттелген.
Құралай
ПИОНЕР