$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Қазақстандықтардың қайғысына мәскеуліктер де ортақтасып жатыр

AstanaTV
09.06.2016ж. 20:00
1494
Қазақстандықтардың қайғысына мәскеуліктер де ортақтасып жатыр

Ақтөбедегі террористік акт салдарынан қаза тапқандарды ресейліктер де аза тұтуда. Мәскеудегі Қазақстан елшілігіне жиналған азаматтар марқұмдарды еске алуға келген. Бұл жөнінде елшіліктің сайты ақпар таратып жатыр. Онда бүгінгі күн Қазақстанда Ұлттық аза тұту күні болып жарияланғаны жазылған. Көңіл айту кітабының ашылғаны туралы да мәлімет бар. Марқұмдарды еске алуға келгендер Мәскеудегі Абай ескерткіші мен Чистопрудный саябағына жиналды.  

Айжан ҚУАШ