$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Ақтөбедегі терактіге орай өзге мемлекеттердің басшылары мен елшілері, халықаралық ұйым өкілдері көңіл айтуда

AstanaTV
09.06.2016ж. 20:00
1266
Ақтөбедегі терактіге орай өзге мемлекеттердің басшылары мен елшілері, халықаралық ұйым өкілдері көңіл айтуда

Ақтөбедегі терактіге орай Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен барша Қазақстан халқына өзге мемлекеттердің басшылары мен елшілері, халықаралық ұйым өкілдері көңіл айтуда. Бүгін Ресей басшысы Владимир Путин Елбасының атына жеделхат жолдады. 

«Ақтөбедегі террористердің шабуылы «терроризмді» тек әлемдік қауымдастықтың күш-жігерін біріктіру арқылы жеңуге болатынын дәлелдеді. Сондықтан Ресей Қазақстанмен антитеррорлық бағыттағы әрекеттерді нығайтуға дайын» 

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы елдері де Қазақстанға көңіл білдіруде. Венада ұйымның Тұрақты кеңесінің отырысында 25-тен астам елдің делегаттары көңіл айтты. Қайғыға Израиль халқы да ортақ. Осы елдің Қазақстандағы елшісі Михаэль Бродский СІМ-гі көңіл айту кітабында жазу қалдырды. Онда: "Қиын сәтте Израиль халқы да қазақстандықтардың қайғысына ортақтасып, терроризм мен экстремизмге қарсы күресте барынша қолдау көрсетуге дайын", - делінген. 

Берік ХАСЕНОВ