Тұрғын
үй құрылысына мемлекеттік бағдарлама арқылы бөлінген қаражат бір қолға
шоғырлануы керек. Мәжілісте арендалық баспана құрылысына қатысты өткен жиында
депутат Омархан Өксікбаев осындай ұсыныс білдірді. Айтуынша, құрылысқа бөлінген
қыруар қаражат тым бөлшектеніп кеткен. Қарапайым адамдардың өзі, өтінішті қайда
беретінін білмей, шатасқан.
Омархан
Өксікбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің
депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:
2015
жылы қанша қаражат жұмсалғанын анықтағым келген. Түсіне алмадым. Кей жерде
сандар қайталанады. Кейде толық көрсетілмеген. Менің сұрағым - неге барлық
қаражатты бір жерге жинамасқа, қай бағдарламаға қанша қаржы бөлінгенін бірден
түсінуіміз керек. Біз екі жыл бұрын болашақта сатып алу құқығымен, арендалық
баспана бағдарламасын енгіздік. Қазір оны тоқтатып жатырмыз. Ол бойынша кім
баспана алып үлгерді?
Роман
Скляр, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары:
«Самұрық
Қазынамен» және «Бәйтерекпен» бірігіп
тұрғын үй құрылысын қаржыландырудың жаңа
жолдарын қарастырудамыз. Осы жылдары жинаған тәжірибемізді бірлесе
жүзеге асырамыз. Басты критерий - қаражаттың қайтарымы.
Жаңа
бағдарлама бойынша ұлттық әл-ауқат қоры коммерциялық тұрғын үй құрылысын
қаржыландырады. Ал, өзгесін «Бәйтерек»
холдингі мойнына алады, - дейді Скляр. Қазір Қазақстанда 370 мың адам пәтер
кезегінде тұр. Ал баспана алғандар, егер оны жалға берсе, айыппұл төлейді.
Ляззат
Ибрагимова, «Бәйтерек» ҰБХ төрағасының орынбасары:
Келісімшартта
субаренда үшін 4 айлық жалдау бағасы көлемінде айыппұл салынады. Бұл адамдарды
тәртіпке шақырады. Бір жағынан әкімдікпен де қатаң сұрыптау жүргізіледі. Егер
барлық кезекті сараптасақ, 50 мыңы заң
бойынша баспана тиесілі жетім балалар, 60 мыңы бюджеттік ұйым қызметкерлері, 27
мыңы әскерилер, 200 адам соғыс ардагерлері, екі мыңдайы мүгедектер.