$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Қостанай әкімінің тағы бір орынбасары ұсталды

AstanaTV
04.08.2015ж. 20:00
963
Қостанай әкімінің тағы бір орынбасары ұсталды

Қостанай қаласы әкімінің тағы бір орынбасары ұсталды. Ол жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінген. Бұл жөнінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Қостанай облысы бойынша департаменті хабар таратты,- деп жазады tobolinfo.kz.порталы.

Құзырлы органның дерегінше, Фрунзик Аракелянның қолына жұмыс кабинетінде кісен салынған. Сонымен қатар әкімдіктің бірқатар қызметкерлерінен де жауап алынды, -делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қостанай әкімінің тағы бір орынбасары Мақсұт Қалиев 13 миллион теңге көлемінде пара алу үстінде құрықталған еді. Қостанай қалалық №2 соты оны екі айға қамауға алуға санкция берді. Тергеушілердің пайымынша, шенеунік  мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының құрылысына орай өткізілген тендерде қолдау көрсетуге уәде етіп, сол қызметі үшін кәсіпкерден пара алған. Бүгінде пара беруші де сот санкциясымен қамауға алынды.

Асан ҚАЛИАХМЕТ