Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Еуроодақтың Ресейге қарсы санкциялары салдарынан Эстония шаруалары жапа шегуде

AstanaTV
03.08.2015ж. 20:00
1123
Еуроодақтың Ресейге қарсы санкциялары салдарынан Эстония шаруалары жапа шегуде

Еуроодақтың Ресейге қарсы санкцияларының салқыны Эстонияның шаруаларына тиіп отыр. Ондағы сүт өндірушілер шаш етектен шығынға батқаны үшін мемлекеттен 7 миллион евро өтемақы талап етуде.

Жергілікті сүт өндірушілер кәсіподағының басшысы Яанус Муракастың айтуынша, Еврокомиссия ақпан айында осындай көлемдегі қаржыны шаруалардың есеп-шотына аударған. Алайда, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қомақты қаржының бір евросын да көрмеген. Енді олар осы көлемдегі қаржы мемлекеттік бюджеттен бөлінсін деген мағынадағы ашық хатты билікке жолдамақ.

Қазір Эстонияда сүт бағасының құлдырағаны соншалық, 1 литрі 21-23 евроценттен сатылуда. Шаруалардың шығынға батуына Ресей мен Еуроодақтың өзара  санкциялары және Еуроодақтың сүт өндірушілерге квота беруден бас тартуы себеп болған, деп жазады Итар- ТАСС.

Берік ХАСЕНОВ