Спорт Қазақстан
$460.15 €501.38 ₽5.11
×

2015 жылғы шілдеде азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылмен салыстырғанда 3,6 пайызға өскен

AstanaTV
04.08.2015ж. 20:00
1730
2015 жылғы шілдеде азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылмен салыстырғанда 3,6 пайызға өскен

Өткен  айда Қазақстан бойынша азық-түлік тауарларының бағасы 2014 жылғы шілдемен салыстырғанда 3,6 пайызға өскен. Бұл туралы мәлімет Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің сайтында жарияланды.

Атап айтқанда, түрлі жарма өнімдерінің құны 19,9 пайызға артқан. Алкогольді ішімдіктерге баға - 8,2 пайызға өссе, кофе, шәй және какаоның бағасы - 7,6 пайызға өскен. Тұрғындар күнделікті қолданатын азық-түліктің де бағасы едәуір қымбаттаған. Мысалы, тоқаш және ұн өнімдері - 6,9 пайызға, кондитерлік өнімдер - 6,8 пайызға артып отыр. Ұн, балық және теңіз өнімдері құны - 6,4 пайызға өскені байқалған. Ал ең басты азық -  нанның бағасы - 6,1, макарон өнімдері - 4,5, сүт өнімдері - 4,3 пайызға артқан. Ет және ет өнімдері бағасының өсімі 1,8 пайызды құрады. Десе де, кейбір тауарларға қатысты бағаның аздап болса да төмендеуі байқалған. Май және тоң май құны - 1,2%, жемістер мен көкөністерге баға - 0,9%-ға арзандаған. Құны төмендеген тауарлардың көшін қант бастап тұр. Оның құны өткен жылдың осы айымен салыстырғанда 11,1 пайызға төмен.

Берік ХАСЕНОВ