Оңтүстік
Қазақстандағы Шардара қаласының өз әуежайы
болады. Бұл шағын шаһарда туризмді дамытуға мүмкіндік бермек. Қазір
Шардарадағы ескі әуежайды жаңғырту жұмыстарының есеп-қисабы жасалып
жатыр. Аумағы 100 гектарға созылып жатқан, ұшып-қону алаңы 1635 метрді құрайтын
ескі әуежай қоршалып, жаңартылмақ. Ол жұмыстарға орта есеппен 200 млн теңгедей қаржы қажет.
Маңызды нысан өткен ғасырдың 70-ші жылдары шалғай аудандардың арасын жалғаған
екен. Соңғы жиырма жыл бойы бұл жерден
ұшақ ұшпаған,- дейді ауданның тұрғын үй -коммуналды шаруашылық бөлімінің
басшысы.
Бір айта кетерлігі, жеңіл автокөлікпен үш сағаттай уақыт жүретін
жолаушылар енді ұшақпен бар болғаны жиырма минутта облыс орталығына жетуге мүмкіндік алады. Сәтін салса, әуежай
қазан айынан бастап Шымкент пен Шардараның арасын жалғамақ. Одан кейінгі
кезекте Астана мен Алматы қаласынан келетін туристердің жолын жақындата түсу
жоспары бар.
Рауан
Қошымов,
ОҚО Шардара аудандық түкш жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
басшысы:
Бүгінгі күнге «СКАТ»
әуе компаниясымен «АН-24» және «JRJ-200» ұшағын бағытқа қою жоспарланып
отыр. Бүгінгі күнге кететін
қаржысына облыстық энергетика және
жолаушылар көлігі басқармасымен қажетті шығындар қазір арнайы комиссия
құрылған, есептелініп жатыр. Бір апта көлемінде анықталады кететін шығыны.
Анықталып, ары қарай жұмыстар жүргізіледі.