$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Астаналықтардың шағымын тиісті органдарға жеткізіп, жылдам шешілуін қадағалайтын портал іске қосылды

AstanaTV
04.08.2015ж. 20:00
844
Астаналықтардың шағымын тиісті органдарға жеткізіп, жылдам шешілуін қадағалайтын портал іске қосылды

Елордалық үкіметтік емес ұйымдардың қолға алуымен «Бесінші билік» деп аталатын жаңа портал іске қосылды. Ол астаналықтардың көңілі толмайтын, қаланың тұрмыс-тіршілігіне қатысты проблемаларды шешуге мүмкіндік береді. Және бұл үшін тұрғындардың мемлекеттік органдардың табалдырығын тоздыруы міндетті емес.

Құрамында оннан астам қоғамдық ұйым топтасқан, 200-ден астам мүшесі бар «Біз» азаматтық қозғалысы қала тіршілігіндегі түйткілді мәселелерді анықтайды. Олардың қоғамдық қадағалау арқылы жедел шешілуін көздейді, - дейді жоба авторлары. Сайттың «мәселелер» және «блог» деген қос бөлімі бар. Мәселелер бөлімі елорданың жол жөндеу, қоқыс тазарту, өзге де коммуналдық қызмет түрлеріне арналған. Сайтқа тіпті жемқорлық фактілері туралы ақпарат қалдыруға да болады. Азаматтық қозғалыстың баспасөз хатшысы хабарлағандай, жоба азаматтардың шағымдарын барынша жедел шешуді көздейді. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах