$451.71 €491.64 ₽5.86
×

Алматыда екі мәрте Кеңес Одағының батыры авиация генерал-майоры Талғат Бигелдиновті еске алу кеші өтті

AstanaTV
05.08.2015ж. 20:00
1200
Алматыда екі мәрте Кеңес Одағының батыры авиация генерал-майоры Талғат Бигелдиновті еске алу кеші өтті

Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағында екі мәрте Кеңес Одағының батыры авиация генерал-майоры Талғат Бигелдиновті еске алу кеші өтті. Батырдың туған күніне орай өткен шараға оның майдандас достары, замандастары және қала тұрғындары жиналды. Көпшілік алдында сөз сөйлеген ардагерлер Талғат ағамыздың өмір жолына тоқталды. Қан майданда жасаған ерліктерін паш етті.

Сейітқасым Боранқұлов, Ұлы Отан соғысының ардагері:

Талғат айтты, бір рет соғыстан келе жатып, самолетім бұзылып, ағаштың шетіне қондым, деді. Қонып едім, әскерлер қоршап алды. Командиріне алып барды. Алып барса, Сталиннің ұлы басқаратын авиаполк. Василий - командирі. Сонымен Василий маған үш күні демалыс берді. Дем алдым. Самолетімді жөндеп берді. Мұздай қылып басымнан аяғыма дейін киіндірді. Сосын  келсем, командир  соңымнан қалмайды дейді. Мына унтыңды маған берсейші, маған ыңғайлы екен. Сен жәй жүре берсейші деп. Жоқ, берген жоқпын, дейді. Міне осындай эпизодтарын айтып жүруші еді.

Сондай-ақ Алматыдағы ұлттық кітапханада Талғат Бигелдиновке арналған көрме ұйымдастырылды. Шараға келгендер аты аңызға айналған батырдың жеке  экспонаттарын, мұрағат құжаттары мен суреттерді тамашалауға мүмкіндік алды. Артынан көрмеге келген көпшілікке «Талғаттың биік аспаны» атты деректі фильм көрсетілді.

Талғат Бигелдинов, Талғат Бигелдиновтің ұлы:

Мұндай шаралар өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін оятуға ықпал ететінін білемін. Сондай-ақ, әкеммен замандас болған азаматтар үшін кездесіп, сырласуға жақсы мүмкіндік. Ең бастысы - мұндай шара тек  игі істерге бастайтыны хақ.

Самат ҚАНАҒАТОВ

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах