$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Есеп комитеті Шығыс Қазақстан облысында 41,5 миллиард теңгеге заң бұзушылық анықтаған

AstanaTV
06.08.2015ж. 20:00
1078
Есеп комитеті Шығыс Қазақстан облысында 41,5 миллиард теңгеге заң бұзушылық анықтаған

Шығыс Қазақстан облысында есеп комитетінің мамандары 41,5 миллиард теңге көлеміндегі заң бұзушылықтарды анықтаған. Бұл туралы комитеттің Астанадағы отырысы барысында белгілі болды.

Есеп комитетінің аймақтағы жүйелі тексерісінің нәтижесінде бюджеттік заңнамалардың өрескел бұзылғаны анықталған. 5 лауазымды тұлға әкімшілік және тәртіптік жауапқа тартылды. Қазіргі күні республикалық бюджетке қайтарылуы тиіс 10,9 миллиард теңгенің 90 пайызы, яғни 9 миллиард теңгеге жуығы қайтарылған. Сонымен қатар, есеп комитетінің тексерісінен кейін тағы екі іс Бас прокуратураға жіберілмекші екен.

Александр Горяинов, ҚР есеп комитетінің мүшесі:

Быструха өзені арқылы өтетін құны 9,3 миллиард теңгені құрайтын көпір бойынша жұмыс көлемі толық жүргізілмеген. Осы істі және 31 миллион теңгені құрайтын жұмысты орындамаған Үржар ауданының тұрғын-үй шаруашылық бөліміне қатысты істі процессуалды түрде талдау үшін Бас прокуратураға жібереміз.

Берік ХАСЕНОВ