«Ертіс
орманы» резерватында ағаш кесу деректері тым артып кеткен. Бұл жөнінде павлодарлық прокурорлар мәлімдеді. Ақпарға сәйкес, жыл басынан бері
қорықта заңсыз ағаш кесудің 58 оқиғасы
тіркелген. Салдарынан 10 мың текше метрдей аумақтағы қарағай оталып, мемлекетке
келген шығын көлемі жарты млрд теңгені құрады.
Аймақтық орман шаруашылығы
инспекциясы, «Ертіс орманы» резерватындағы броконьерлік ахуалды анықтау
мақсатында, тексеріс жүргізуді сұрап, прокуратураға шағымданған. Соның
нәтижесінде қорықта ағашты заңсыз кесу фактісінің соңғы кезде күрт өскені
анықталды.
Жуырда ғана құзырлы орган құны 13 млн теңге тұратын бөренелерді
артып бара жатқан жүк көлігін тоқтатқан. Ағашты заңсыз кесіп, ұрлады деген
күдікпен үш адам құрықталды.
Прокурорлардың пікірінше, қылмыстың өршуіне резерват жұмысындағы кемшіліктер
себеп болған.
Айхан
Қасым-Алин, Шарбақты ауданының
прокуроры:
Прокуратура
араласқаннан кейін ғана резерваттың жұмысы жандана түсті. Бүгінде мұнда 287
орманшы еңбек етеді. Олардың міндеті - жасыл желекті қорғау. Ал тексеру
барысында резерват қызметкерлерінің өз жұмысын дұрыс атқармай отырғандығы
анықталды.
Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ