$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Қытайдың халық банкі юаньнің долларға шаққандағы ресми бағамын 1,9 пайызға төмендетті

AstanaTV
11.08.2015ж. 20:00
1043
Қытайдың халық банкі юаньнің долларға шаққандағы ресми бағамын 1,9 пайызға төмендетті

Қытайдың халық банкі юаньнің долларға шаққандағы ресми бағамын 1,9 пайызға төмендетті. Бұл рекордтық көрсеткіш, - деп хабарлайды Bloomberg. Яғни юаньнің долларға шаққандағы «орташа айырбас бағамының» бір күндік төмендеуі 1994 жылдан бергі ресми және нарықтық айырбас жағдайында рекордтық көрсеткіш саналады.

Аспан асты елінің банкі таратқан хабарламаға сүйенсек, бұл бір реттік қана шара. Реттеуші сондай-ақ юаньнің «жаңа» деңгейдегі  тұрақтылығын қолдайды. Қытай халық банкі бұл төмендеудің тиімділігін атап өтті. Қаржы құрылымының өкілдері юаньнің бұған дейінгі бағамы экспортқа қысым жасауы мүмкіндігін мәлімдеді.

Өткен сенбіде Қытай билігі шілде айының макроэкономикалық статистикасын жаңалады. Оған сай Қытайдың бір жылдық экспорты 8,3 пайызға төмендеді. Сарапшылар оның көлемі небәрі бір пайыз ғана  болады деп күткен. 

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ