Білім
және ғылым министрлігі мемлекеттік білім гранттарына ие болған түлектердің
тізімін жариялады. Биыл ҰБТ қорытындылары бойынша байқауға 67 мың түлек қатысты.
32 мың 168 оқу грантының - 12 500-і
техникалық, 6 мыңы - педагогикалық және 2500-і ауыл шаруашылығы мамандықтары
арасында үлестірілді. Оның 78 пайызы қазақ тілді мектеп түлектерінің еншісінде.
Барлық оқу гранттары отандық 60 ЖОО арасында бөлінген. 2500 грант дайындық
курстарына, 29 668-і бірінші курс студенттеріне тиесілі. Грант иегерлерінің 29
168-і күндізгі бөлімде, 500-і сырттай білім алады.
Байқауда 2116 «Алтын белгі»
иегері, Назарбаев зияткерлік мектебінің
1255 түлегі, халықаралық және республикалық
олимпиадалар мен ғылыми жоба сайыстарының 1093 жеңімпазы, спорттық жарыстардың 816 жеңімпазы және 6 Президенттік олимпиада
жеңімпазы басымдыққа ие болды. Сондай-ақ 483 жетім, 341 мүгедек жандар, түрлі жеңілдіктер
бойынша соғыс ардагерлеріне теңестірілген
20 түлек пен 1200-ге жуық оралман қандастарымыз грантқа қол жеткізді.
Азамат
АЛДОҢҒАРОВ