Қазақстанның
төрт облысында заманға сай түзету мекемелері бой көтереді. Жаңа түрмелердің
құрылысы мемлекеттік және жеке серіктестік негізінде іске аспақ.
Қазіргі уақытта түрме ғимаратын
салуға ниетті инвесторлар іздестіріліп жатыр. 1500 орындық Оңтүстік Қазақстан,
Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстары мен Астана қаласында салынады
деген жоспар бар.
Бұл туралы Орталық
коммуникациялар қызметінде Қылмыстық-атқару
жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Жанат Кешубаев мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа камералардың көлемі мен ол жердегі тұтқындар санының сәйкестігі басты
назарда болмақ. Арнайы дәретхана мен асхана, жуыну бөлмелерінің орналасуы халықаралық талапқа сай болуы да қатаң
қадағаланады. Жылдар өте келе жеке инвестордың құрылысқа салған қаражаты
қайтарылады. Және түрме аумағында кәсіпорын ашып, еңбек күшін пайдалануға ерік
беріледі. Ал түрмедегі тәртіпті бұрынғыдай Қылмыстық- атқару жүйесі комитеті
қадағалайды.
Қайрат
Мұрзашев,
ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару
жүйесі комитеті штаб-басқармасының басшысы:
Жеке
кәсіпкер тек жаңа құрылған мекеменің өндірістік аумағын пайдаланып,
сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз етіп, оған мемлекет келісімшартта көзделген
мерзім ішінде сол қаражатты қайтарады. Ол мерзім 30 жылға дейін созылуы
мүмкін.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ