$502.83 €545.37 ₽5.95
×

Қазақстанда еңбекке қатысты дау-дамайларды қарастыратын мамандандырылған соттар құрылуы қажет

AstanaTV
12.08.2015ж. 20:00
1614
Қазақстанда еңбекке қатысты дау-дамайларды қарастыратын мамандандырылған соттар құрылуы қажет

Қазақстанда еңбек дауларын реттейтін мамандандырылған соттар құру кезек күттірмейді. Бұл мәселені қазақстандық судьялар бұдан үш жылдай бұрын көтерген еді. Ақтөбе қалалық сотының өкілі Айна Абдраеваның айтуынша, бұған еңбекке қатысты шағымдардың көбеюі себеп.

Бір айта кетерлігі, соңғы жылдары жұмыс берушілер мен еңбеккерлер арасында дау-дамайлар  саны күрт өскен. Ақтөбе облыстық сотының өкілдері мәлімдегендей, 2012 жылы еңбек даулары бойынша 2000-нан аса арыз түскен. Биылғы жарты жылдың өзінде 1800-ден астам адам әділдік іздеп сотқа жүгінді.

Мәселен, Ақтөбедегі мұнай компанияларының бірі 200-дей жұмысшысын қысқартты. Жергілікті ақпараттық портал таратқан мәліметке сай, компания басшысы мұның себебін әлемдік нарықта шикізат құнының төмендеп кетуімен түсіндірген. Енді жұмысшылар сотқа арызданбақшы. Қазақстанда еңбек дауларын қарайтын соттарды құру бойынша арнайы жоба қолға алынған көрінеді. Бірақ мұндай соттардың нақты қашан пайда болары белгісіз.

Айна Абдраева, Ақтөбе қалалық сотының судьясы:

Мұндай соттардың жұмыс істеуі судьялардың кәсіби біліктілігін арттырады. Арызданушы жақ та, жұмыс берушілер де соттың шешіміне күмән келтірмейтін болады. Сондықтан мамандандырылған соттардың болғанын құптаймын.

Мансұр ЕСҚОЖИН

Алдыңғы жаңалық