$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Қызылжардың белсенді жастары әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына арнайы экскурсия ұйымдастырды

AstanaTV
13.08.2015ж. 20:00
1557
Қызылжардың белсенді жастары әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына арнайы экскурсия ұйымдастырды

Қызылжардың белсенді жастары әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балалары үшін арнайы экскурсия ұйымдастырды. Облыс орталығынан шалғай орналасқан аудандардан келген 15 оқушы Петропавлдың мұражайларын аралады. Саяхат барысында олар таяуда ғана күрделі жөндеуден өткен Абылайхан Резиденциясына бас сұқты.

Айта кету керек, экскурсия «қайырымдылық аптасы» акциясы аясында ұйымдастырылған. Шараға облыстық жастар бастамасының орталығы ұйытқы болды.

Алина Біржанова,  СҚО жастар бастамасы орталығының нұсқаушысы:

«Қайырымдылық аптасы» аясында жастар бастамасы орталығы бірнеше мерекелік шараны өткізуді жоспарлаған. Оқушылар  сауықтыру лагерлеріне барып, қайырымдылық байқауларына қатысады. Біз тек Петропавлды аралап қана қоймай, басқа аудандарға да шығуды көздеп отырмыз.

Бұдан бөлек, балалар тарихи-өлкетану мұражайы мен ботаникалық баққа да барды. Оқушылар мұндай шаралардың жиі өткізіліп тұрғанын қалайды. «Себебі осындай саяхаттарға көбірек шығу арқылы еліміздің тарихын, көпұлтты Отанымыздың тыныс- тіршілігі жайлы мәліметтерді жетік меңгерер едік», - дейді олар.

Павел Мажников, оқушы:

Мен мұражайларды аралауды өте ұнатамын. Қазақстанның әрбір азаматы ел тарихын, оның қалыптасуын, ата-бабасы туралы мағлұматтарды білуі керек. Себебі тарихы жоқ елдің болашағы бұлыңғыр болады.

Абзал ҚҰРМАНКИН