$496.41 €542.77 ₽6.05
×

Атырауда «Мен отбасын іздеймін» деген атаумен балалар үйі тәрбиеленушілерінің фотокөрмесі өтті

AstanaTV
13.08.2015ж. 20:00
2302
Атырауда «Мен отбасын іздеймін» деген атаумен балалар үйі тәрбиеленушілерінің фотокөрмесі өтті

Мен отбасын іздеймін. Атырауда осындай атаумен балалар үйі тәрбиеленушілерінің фотокөрмесі өтті. Табиғат аясындағы акцияны ұйымдастырушы - Атырау қаласындағы жастар ресурсы орталығы.

Шара Жастар күні мерекесі аясында қолға алынған. Атырау қаласындағы екі балалар үйінің 70 тәрбиеленушісі отбасында өмір сүруді қалайды. Бүгінгі көрмеге олардың 46-сының фотосы қойылған. Бұл портреттерді әуесқой фотограф Ержан Нұрпейісов түсірген.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аймақта жетім балаларды асырап алу және  потранаттық тәрбиеге беру бойынша ақпарат аз. Сондықтан халық көп жиналатын мереке күндері ұйымдастырылған акцияның берері мол,- дейді ұйымдастырушылар. Тек сол кеште ғана  3-4 отбасы балаларға қызығушылық танытып, ақпарат сұрай келген. 

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ