Ұсақ
малы індетке шалдығып қырылып қалған қызылордалық шаруалардың шығыны өтелетін
болды. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары баяндады.
Айта кету керек, өтемақы тек сырғаланып, құжат жүзінде тіркелген уақ малға
ғана төленеді. Бүгінде арнайы құрылған жұмысшы тобы шығын көлемін есептеу
үстінде. Соңымен қатар олар жүргізілетін есептің тәртібін халыққа түсіндіруде.
Пірмұхамед
Сыздықов,
Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы
басқармасы басшысының орынбасары:
Уақ малдың төлдері 3-6 ай
аралығындағыларға жобамен 12 жарым мың теңгедей болады. Ал қойларға
22-24 мың теңге шамасында болып есептеледі.
Бұған
дейін хабарлағанымыздай, шілде айында Жаңақорған ауданына қарасты 5 шаруа
қожалығында мыңнан астам қой-қозы шығынға ұшыраған болатын. Осының салдарынан
ауданда төтенше жағдай жарияланды. Яғни сырттан мал әкелуге және өзге жаққа қойларды тасымалдау мен сатуға да уақытша
шектеу қойылған.
Індет ошағында зерттеу-сараптау жұмыстарын жүргізген ветеринарлар,
малдың қырылуына эндотоксимия және
пастереллёз індеті себеп болды, деген қорытынды жасады. Тиісті емдеу шараларының арқасында отарға қайта қосылған шопан ата түлігінің
қарасы көбейіп келеді.
Шарипа САҚТАПОВА