Алматы
қаласының кәсіпкерлер палатасына жыл басынан бері 660 кәсіпкер шағым түсірген.
Олардың басым көпшілігі салық мекемесіне, конкурс өткізуге, жер телімдері мен
сәулет және құрылыс заңнамасына, мемлекеттік сатып алу мен сот шешімінің
атқарылуына наразылық білдірді.
Осы аралықта палата жанынан құрылған
кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесі орта және шағын бизнес иелерін 235 млн
теңгеге жуық қаражатты шығындаудан сақтап қалды. Салықтық міндеттемеден 116 млн
теңге қайтарылған. Тағы 24 млн теңгенің кәсіпкерлерден заңсыз алынғаны
анықталды.
Қазір Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы прокуратура өкілдерімен
бірігіп, осы мәселелердің алдын алу мақсатында жұмыс жүргізуде. Басқосу
барсында «Адем» сауда үйінде орын алған
өрттен зардап шеккен кәсіпкерлердің мәселелері де қаралды. Келіссөздердің
нәтижесінде сауда орнынан айрылған бизнес өкілдеріне 342 орын бөлінгені белгілі болды. Олар 6 айға салықтан
босатылды.
Қайрат
Құдайберген, Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы төрағасының құқықтық мәселелер
бойынша орынбасары:
Салық
бойынша сұрақтары көп туындап жатыр. Оларды шешіп жатырмыз. ДГД органдары жасап
жатыр. Екінші тараптан бұл банктермен өзінің кредиттері бойынша, айтады ғой, кредиттік каникул деген сияқты. Осы мәселені біз шешіп, 15 қаржылық
интитуттармен сөйлесіп, барлық банктер қол көмегін берген.
Самат ҚАНАҒАТОВ