Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қазақстанның жаңа Еңбек кодексі жобасы өзгертулерді талап етеді

AstanaTV
13.08.2015ж. 20:00
1513
Қазақстанның жаңа Еңбек кодексі жобасы өзгертулерді талап етеді

Жаңа еңбек кодексі жобасы өзгертулерді талап етеді. Бүгін «Сарапшы» клубының отырысында мұнай-газ кешені саласы кәсіподағының төрағасы Сұлтан Қалиев осындай пікір білдірді.

Еске салсақ, жобаның жаңа нұсқасында қызметкерлерді жұмыстан босатуға негіз болатын тармақтар 19-дан 26-ға дейін өскен. Сондай-ақ, жұмыс уақытынан тыс еңбек өтілі мен қосымша демалыс мерзімі 15-тен 6 күнге дейін қысқарғаны көңілге қонымсыз,- дейді кәсіподақ төрағасы.

Сұлтан Қалиев, мұнай-газ кешені саласы кәсіподағының төрағасы:

Менің ойымша, Еңбек кодексінің жаңа жобасы жұмыс берушінің ғана емес, қызметкердің де құқығын қарастыруы тиіс. Кәсіподақтар қазір жаңа жобаны егжей-тегжейлі қарап, сараптамадан өткізуде. Ұсынылған бастамалардың көбі талапқа сай келмейді. Бұл жерде жұмысшылардың мүддесі мүлдем ескерілмеген.

Кәсіподақтар федерациясының өкілдері, жаңа жобадағы қызметкерге сенім жоғалған жағдайда келісімшартты бұзу туралы тармақтың да заңсыз екенін, алға тартты. «Жаңа Еңбек кодексі жобасында шикіліктер көп. Сондықтан бірқатар нормаларды түбегейлі өзгерту керек», - дейді одақ мүшелері.

Жұрағат БАМАН 

Алдыңғы жаңалық