$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Қазақстан азаматтарын қажылыққа «Flaynas» халықаралық әуе компаниясы тасымалдайды

AstanaTV
12.08.2015ж. 20:00
1408
Қазақстан азаматтарын қажылыққа «Flaynas» халықаралық әуе компаниясы тасымалдайды

Қазақстан азаматтарын қажылыққа халықаралық «Flaynas» әуе компаниясы тасымалдайтын болды. Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы мен Сауд Арабиясы Корольдігінің өкілдері осындай ортақ мәмілеге келді.

Бұл туралы діни басқарманың наиб мүфтиі  мәлімдеді. Оның айтуынша, қажылыққа аттанатын  5 мыңдай отандасымызды чартерлік рейс арқылы Жидда бағытына ұшыру  қыркүйектің 11-і мен 15 аралығында  жүзеге асады. Жерлестеріміз бұрын Мекке маңындағы Жиддаға жету үшін 15 сағат шығындайтын. Екі жақты келісімнің нәтижесінде сапар ұзақтығы 6 сағатқа қысқармақ.

Серікбай Ораз, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі:

Бізден қажылыққа баратындарға билет 1600 доллар. Бірнеше сұрақ туындауы мүмкін. Неге билеттің құны түрлі рейстегі самолеттен қымбат болады деп. Себебі ол чартерлік рейс бос ұшып келіп, екі жақтама жұмыс істейді, алатын бағасы бір баға.  Екіншіден, біздің елдің мемлекеттік салық заңнамаларының негізінде нерезидент болып саналатын басқа елдің компаниялары жұмыс істеген кезде, олардан салық төленеді. Демек 1600  долларымыздың 80 доллары - мемлекетке қалып отыратын салық.

Айгүл ЕРМАХАН