Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Шымкент әуежайынан көкке көтерілуі тиіс ұшақтан ақау шығып, 239 турист қаңтарылып қалды

AstanaTV
13.08.2015ж. 20:00
1337
Шымкент әуежайынан көкке көтерілуі тиіс ұшақтан ақау шығып, 239 турист қаңтарылып қалды

Шымкент әуежайында тағы шу. Бүгін таңертеңгі сағат 9-да көкке көтерілуі тиіс ұшақтан ақау шығып, рейс кестеден кешігуде. Салдарынан Түркияға сапар шегеміз деп жолға шыққан 239 турист әуежайда қаңтарылып қалды. Әңгіме «SCAT» әуе компаниясына қарасты ұшақ туралы болып отыр. 

Татьяна  Авдасева, жолаушы:

Таңғы тоғызда ұшпадық. Күтіңдер деді, күттік. Сағат онда ұшамыз деді де, бір жарым минуттан соң бізге ұшақтан түсіңдер, ұшпаймыз, сау болыңдар,  деді. Нақты себебін білу үшін, үш-төрт сағат ауасы тар ғимаратта отырдық. Айтқандары ұшақта ақау шыққан. Қосалқы бөлшек Шымкентте жоқ, дейді. Бұл қай мазақтары?

Разия Арсланова, жолаушы:

Шағымданамыз біз. Демалысымыздың бір күні босқа өтті. Баларымыз бар, қанша уақытымыз текке кетті. 

Осылайша, әуежайда жарты күн уақытын өткізген жолаушылардың компанияға өкпесі қара қазандай. Олар әуе компаниясы басшылығы мен құзырлы орындарға  ұжымдық арыз әзірлеуге кіріскен. Айтуларынша, ұшу уақыты ауыстырылған соң, жолаушыларға тиісті дәрежеде көңіл бөлінбеген сыңайлы. Әуе тасымалына жауаптылар ұшақтың басқару жүйесінде ақау шыққанын алға тартады. Түске қарай жолаушыларды үйлеріне қайтарған СКАТ қызметкерлері, сырттан келгендер қонақ үйлерге жайғасқанын, хабарлады. Сондай-ақ, шетелге демалуға аттанбақ болған жандардың материалдық шығыны өтелетінін айтуда. Бүгін түннен қалмай жолаушылар Анталияға бет алады,-деп уәде етті.

Виктория Ульянова, «SCAT» әуе компаниясы бұқарамен байланыс  бөлімінің басшысы: 

Осы рейстің  барлық жолаушыларының  шығынын туроператорлар арқылы өтеп беретінімізді айтқым келеді. Жолаушыларды сабыр сақтауға шақырамын. Олқылықты реттейміз. Қазір Анталиядан қосымша ұшақ келе жатыр. Барлығы түнгі сағат 22.30-да ұшатын болады. 

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ 

Алдыңғы жаңалық