$519.58 €609.36 ₽6.63
×

АҚШ билігі «ДАИШ» террорлық ұйымы Иракта химиялық қару қолдануы мүмкін» деп күдіктеніп отыр

AstanaTV
14.08.2015ж. 20:00
1746
АҚШ билігі «ДАИШ» террорлық ұйымы Иракта химиялық қару қолдануы мүмкін» деп күдіктеніп отыр

«АҚШ билігі «ДАИШ» террорлық ұйымы Иракта химиялық қару қолдануы мүмкін» деп күдіктеніп отыр», - деп жазады Wall Street Journal. Американың жоғары лауазымды шенеуніктері содырлар  күрдтерге қарсы улы иприт немесе газ қолданды деген жорамал жасауда.

Сирия - осыдан екі жыл бұрын улы қаруы бар екенін ашық айтқан мемлекет. Ендеше, ұйым ипритті осы елден табуы ықтимал, - деп жазады басылым. АҚШ арнайы қызметі бұл ақпарды жан-жақты зерттеуге кірісіп кетті.

«ДАИШ»-пен күрес мәселесі жуырда Мәскеуде де қозғалды. Келіссөздер үстелінде Сирия оппозициясы өкілдері мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров кездесті.

Айта кетейік, алдыңғысы бұған дейін Ресейдің ара ағайындығынан үзілді-кесілді бас тартқан. Мәскеу қақтығысқа қатысушыларды содырларға қарсы күш біріктіруге үндеуде. Алайда Сирия оппозициясының Асад үкіметімен қызметтес болғысы жоқ.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ