Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Елімізде ағымдағы жылдың 6 айында 400 мыңнан аса жеңіл көлік тіркелген

AstanaTV
14.08.2015ж. 20:00
1310
Елімізде ағымдағы жылдың 6 айында 400 мыңнан аса жеңіл көлік тіркелген

2015 жылғы қаңтар-маусым айларында Қазақстанда 415 мыңға жуық жеңіл көлік тіркелген. Мәлімет Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің сайтында жарияланды. 

Бұл көрсеткіш өткен  жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 52,4 пайызға жоғары. Барлық тіркелген  көліктердің 400 мыңдайы жеке азаматтарға тиесілі. 16 мыңнан астамы заңды тұлғалардың еншісінде. Көлік ең көп жеткізілген қалалардың көшін Алматы бастап тұр. Онда алты айдың ішінде 50 маңға тарта темір тұлпар тіркелген. Екінші орында Оңтүстік Қазақстан облысы, онда 48 391 автокөлік мемлекеттік нөмірге ие болды. 47 225 автомобиль Алматы облысында тіркелді. Ал  жеңіл автокөлік ең аз тіркелген аймақ - Қызылорда облысы. Онда алты айдың ішінде бар-жоғы 11 мыңнан аса көлік мемлекеттік нөмір алған.

Берік ХАСЕНОВ