Бүгін
таңертең Қытайдың Тяньцзин қаласында тағы бір жарылыс тіркелді. Еске
салайық, өткен сейсенбіде мұнда химиялық заттар сақталған қоймада жойқын
жарылыс болған еді. Оның күштілігі сонша, сейсмологиялық қызмет төтенше оқиғаны
жер сілкінісі ретінде тіркеген.
Жергілікті биліктің хабарлауынша, жарылыстан
қаза тапқандар саны 112 адамға жеткен. Тағы 100-ге жуық адам із түзсіз жоғалып
кетті. Ауруханада 722 адам жатыр. Мамандардың айтуынша, апат
ошағындағы қалдықтар әлі де тұтанып, кішігірім жарылыстар қайталанып жатқан
көрінеді.
Гонг Цзяньшен, Тяньцзин қаласы
муниципиалды үкіметінің ресми өкілі:
Жоғалып
кеткендердің арасында қоғамдық
қауіпсіздік бригадасының 8 өрт сөндірушісі бар. 56 адам мунципальды өрт сөндіру
бригадасынан, сондай-ақ 6 полицей де із-түссіз жоқ. Жанып кеткен мүрделердің ДНК
қорытындысын алған соң, тездетіп жариялайтын боламыз.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ