Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Астанада банк тоналды

AstanaTV
17.08.2015ж. 20:00
1440
Астанада банк тоналды

Астанада банк тоналды. «Банк ЦентрКредиттің» елордалық бөлімшесіне ұрылар вентиляциялық шахта арқылы кіріп, 30 мың АҚШ долларын қолды еткен. Бұл туралы Астана қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбекова хабарлады.

Шұғыл басқару орталығына бүгін таңғы сағат 8:47-де белгісіз біреудің банктің жертөле қабатына желдеткіш шахта арқылы кіргені жайлы хабар келіп түскен. Бұл орында бойлер бөлмесі болған. Алдын ала ақпар бойынша, ұрылар техникалық персоналдың жұмыс бөлмесінен қызметкерлердің бірінің жеке заттары мен 30 мың доллар көлемінде қаражатын ұрлаған. Ішкі істер органы өкілдерінің мәліметінше, қазір аталмыш факт бойынша тергеу амалдары басталды.

Софья Қылышбекова, Астана қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Желдеткіш шахтасы бойынша техникалық бөлмеде тұрған сейфтан қызметкерлердің бірінің жеке меншік ақшасы ұрланғаны жөнінде хабар келіп түсті. Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдіктіні анықтауға және оны ұстауға бағытталған жедел іздестіру шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар тергеу амалдары жалғасуда.

Жұрағат БАМАН