$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Еліміздің он өңірінде өте жоғары өрт қаупі сақталуда

AstanaTV
17.08.2015ж. 20:00
535
Еліміздің он өңірінде өте жоғары өрт қаупі сақталуда

Еліміздің он аймағында өте жоғары өрт қаупі сақталуда. Бұл Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарына қатысты. Осыған орай Төтенше жағдайлар комитеті, азаматтарды отты пайдаланғанда, аса сақ болуға, шақырады.

Синоптиктер алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі деп болжап отыр. Жоғары температура бүгін  Астанада да байқалды. Сынап бағанасы күндіз Елордада +32 градусты көрсетті. Қазгидрометтің болжамы бойынша, дәл осындай ауа райы алдағы екі тәулікте сақталуы ықтимал.

Азамат  АЛДОҢҒАРОВ 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах