Ақтөбе
облысында өрт қаупі сейілмей тұр. Тілсіз жау тек соңғы бір тәулік ішінде ғана
115 гектар далалық алқапты жалмаған. Өрт сөндіруге 11 арнайы техника мен 90 адам жұмылдырылды. Қазіргі таңда
жалын толықтай ауыздықталды.
Дегенмен ауа райының күрт ысуы мен соңғы күндері
жауын-шашын болмауынан, жағдай одан сайын ушығып кетті. Төтенше қызмет өкілдері
соңғы 3 тәулікте 75 шақырту алып, осынша рет өрт сөндіруге шыққан. Абырой
болғанда, зардап шеккендер жоқ.
Сәлима
Төлегенова,
Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі:
Ауа райының
ысып кетуіне байланысты өрт қаупі сақталуда. Негізінен Әйтеке би ауданында дала
өрті жиі тіркелген. Бұл ауданда өрт сөндірушілер тәулігіне бірнеше рет қызыл
жалынмен күресуде. Еріктілер де айтарлықтай көмек көрсетіп жатыр.
Мансұр ЕСҚОЖИН