$451.71 €491.64 ₽5.86
×

Царнаевтың адвокаттары істің қайта қаралуын сұрады

AstanaTV
18.08.2015ж. 20:00
594
Царнаевтың адвокаттары істің қайта қаралуын сұрады

Царнаевтың адвокаттары істің қайта қаралуын сұрады. Ол Бостон марафоны кезінде теракт жасағаны үшін өлім жазасына кесілген еді. Енді қорғаушылары сот тыңдауын өзге аймақта ұйымдастыруға қатысты сұрауын сотқа жолдаған.

ТАСС-тың хабарлауынша, өтінімде «ақпарат құралдары тарапынан біржақты таратылған хабарлар мен Бостондағы көңіл-күй аталған іс бойынша әділ сот процесінің өтуіне кедергі келтірді, делінген. Осының алдында Царнаевтың апелляциялық соттың шешімі шыққанға дейін қатаң тәртіптегі колонияға көшірілгені жайлы хабарланған болатын.

Еске салайық 2013 жылдың сәуірінде Бостондағы марафон кезінде жарылыс болып, 3 адам қаза тапты, 264 тұрғын жараланған.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА

  

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах