$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Түркітілдес мемлекеттер арасында ортақ телеарна ашылады

AstanaTV
18.08.2015ж. 20:00
1638
Түркітілдес мемлекеттер арасында ортақ телеарна ашылады

Түркітілдес елдерге ортақ телеарна ашылады. Бүгін Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Әзірбайжан мемлекеттерінің ақпарат және медиа саласының министрлері тиісті меморандумға қол қойды.

Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешевтің айтуынша, Түркітілдес мемлекеттер кеңесі мен төрт елдің үйлестіру тобы жұмысының қорытындысы бар. Телеарнаның тұжырымдамасы мақұлданып, бүгінде жобаны қаржыландыру мәселесі талқылануда. Келесі кездесу Баку қаласында өтеді. "Онда жобаны іске асыру бойынша нақты шешімдер қабылданады", - деді министр. Айта кетейік, түркі әлеміне ортақ ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі бастаманы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көтерген. 

Әсет Исекешев, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

Бүгін арнаның тұжырымдамасы мақұлданды. Қорытынды хаттамаға, сондай-ақ ақпараттық агенттіктердің өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Жалпы түркітілдес елдердің ортақ телеарнасын ашу, біздің мемлекеттеріміздің арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамыту жолында жасалған үлкен қадам деп есептеймін.

Жұрағат БАМАН