Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстанда пробиркада пайда болған тұңғыш бала қазір 19 жаста

AstanaTV
18.08.2015ж. 20:00
1309
Қазақстанда пробиркада пайда болған тұңғыш бала қазір 19 жаста

Пробиркада пайда болған тұңғыш қазақстандық бала қазір 19 жаста. Алматыда дүниеге келген Юлия есімді бойжеткен Оксфорд университетінде білім алып жатыр.

Астанада талай адамға өмір сыйлаған ғылым саласының елімізде қалай дамығаны туралы танымдық деректі фильмнің көрсетілімі өтті. Қазақстанда алғаш экстрокорпаральді ұрықтандыру зертханасының ашылғанына биыл 20 жыл толады. Күні бүгінге дейін Қазақстанда жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы 15 мың бала дүниеге келген. Жалпы статистикаға сәйкес, мұндай тәуекелді жолмен бала сүю бақытына медициналық көмекке жүгінгендердің 30-40 пайызы ғана ие болады екен. 

Салтанат Байқошқарова, «Экомед» клиникасының жетекшісі:

Қазіргі кезде біздің мемлекетте, әсіресе Астанада елшілікте жұмыс істейтін азаматтар да келіп емделіп жатады. Енді Қазақстанда бұл сала жақсы дамыды. Әлі де мамандар аз. Зертханалар аса көп емес, 20 шақты орталық бар.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ