Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Алматыда биыл қала күні кең көлемде атап өтілмек

AstanaTV
18.08.2015ж. 20:00
1025
Алматыда биыл қала күні кең көлемде атап өтілмек

Алматыда биыл қала күні кең көлемде атап өтілмек. Мәдениет басқармасының ақпаратына сәйкес, биылғы шараның ауқымы да, тақырыбы да өзгерген. Өткен жылдағыдай Қала күні мерекесі тек орталықта ғана емес, алып шаҺарға қарасты сегіз бірдей ауданда аталып өтіледі.

Мерекені әдеттегідей «Оркестрлер шеруі» ашады. Мәдени шаралар аясында «Алматы - менің алғашқы махаббатым» ретро фестивалі, «Мен Алматыны сүйемін», «Алматым - жүрегімде» қалалық ән байқаулары, «Гакку» әуен фестивалі, «Метродағы музыка» концерті өтпек. Сондай-ақ, халықаралық қуыршақтар карнавалы, «Ортеке» дәстүрлі қуыршақ өнері фестивалі сияқты қызықты шаралар ұйымдастырылады.

Әкімдік тарапынан тұрғындар мен қала қонақтарына арнап мобильді браузер ұсынылды. Бұл жаңашылдықтың ерекшелігі - әр адам қала күніне орай өтетін шаралар жайлы толық ақпарат ала алады.

Самат ҚАНАҒАТОВ




}