Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Нұрсұлтан Назарбаев ел экономикасына кері әсер ететін теріс факторларды атады

AstanaTV
19.08.2015ж. 20:00
1254
Нұрсұлтан Назарбаев ел экономикасына кері әсер ететін теріс факторларды атады

Мұнай мен металдың экспорттық бағамының төмендеуі 5 жылға дейін сақталуы ықтимал. Тіпті қара алтын құны барреліне 30-40 долларға дейін түсуі мүмкін. Ел экономикасы осындай пессимистік сценарийге дайын болуы тиіс.

Бүгін Ақордада экономикалық саясаттың жүйелі шараларына қатысты өткен кеңесте Президент Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Сондай ақ, мемлекет басшысы ел экономикасына кері әсер ететін теріс факторларды атады.

Бірінші фактор - негізгі экспорттық өнімдер бағасының екі есеге дейін төмендеуі. Дамушы елдерге келетін инвестицияның азаюы және басты серіктестер Ресей мен Қытай тарапынан сұраныстың аздығы да экономикалық дамуға кері әсер етпей қоймайды. Оның үстіне, отандық өнімдердің сатылымы барған сайын кему үстінде. Қалыптасқан ахуалды ескере келе, Президент 2018 жылға дейін тың бастамаларға мораторий жариялады. Қаржы министрінің мәліметінше, импорт көлемі 38 пайызға төмендеген. Салдарынан кедендік баж салығынан түсетін табыс екі есеге кеміп кетті. Мұнайдың арзандауынан экспорттық салық та үш есеге азайды. Сөйтіп, бюджет 22 пайыз табыстан қағылып отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Мұндай жағдайда мемлекетке түсетін кіріс ауқымы жарты триллион теңгеге азайды. Былтырғы біздің есебіміз биылғы жылға деген, мұнай бағасын 70-90 доллар деп санағанбыз. Биыл орындалмай қалды. Еліміздің экономикалық тұрақтылығын сақтап қалу үшін, тіпті тәуелсіздігімізді сақтап қалу үшін, үлкен белестің алдында тұрмыз, шара қолдануымыз керек.