$519.29 €613.28 ₽6.62
×

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқарушы құрамы айтарлықтай ықшамдалды

AstanaTV
19.08.2015ж. 20:00
1140
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқарушы құрамы айтарлықтай ықшамдалды

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқарушы құрамы айтарлықтай ықшамдалды. Бұл жөнінде ұлттық компанияның баспасөз қызметі хабарлады. Яғни басқарма төрағасының орынбасарлары 5-тен үшеуге қысқарған. Ал басқарушы директорлар саны бұдан былай 9 емес, 4 адам болмақ. Сондай-ақ ұлттық компанияда енді 20 департаменттің орнына 18 департамент және «Құрылыс дирекциясы» филиалы жұмыс істейтін болады. 

Компания басшысы Ахметжан Есімовтің айтуынша, «Астана ЭКСПО-2017» компаниясының қазіргі құрамы жеңілірек әрі функциялардың қайталануын болдырмайды. Қысқарту еңбеккерлерді де айналып өтпейтін сыңайлы. «Астана ЭКСПО» ұлттық компаниясында жұмысшылардың жалақысы 150 миллион теңгеге қысқармақ. Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Әлішер Пірметовтің айтуынша, жалақының жылдық қоры осынша сомаға кеміген.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА