Ақтөбеде
ағаш жапырағын жегіш қоңыздар қаптап барады. Осыдан 5-6 жылдай бұрын пайда
болған жәндіктер қараағаштардың жасыл желегін жоюда. Осының салдарынан облыс
орталығындағы ағаштардың көпшілігі күз келмей жатып жалаңаштанып қалған.
Мамандар, жыл сайын қыруар қаржы бөліп зиянкестерді улап келеміз, дейді. Бірақ
мұндай әрекеттен пайда болмай тұр. Биыл
да жапырақ жегіш қоңызды жоюға жергілікті қазынадан 5 млн теңге бөлінді. Бұл
сома орталық көшелер мен саябақтарды бір рет залалсыздандыруға жетеді. Ал аулалардағы ағаштарды тұрғындардың өздері күтіп-баптауы тиіс.
Хасен Юсупов, Ақтөбе қалалық
ТКШБ сектор меңгерушісінің міндетін атқарушы:
Бұл зиянкестерді толық жоюға
ондай мүмкіншілік жоқ. Біз
жүргізіп жатқан шаралар тек қана мына
үлкен ортақ пайдалану жерлердегі жасыл-желектерде болғандықтан, мына қала
аумағында оның санын азайту үшін, мен айтып отырмын ғой, жеке үй аулаларында
жүргізілу керек. Толайым бір мезгілде.
Мансұр ЕСХОЖИН