Алдағы
үш күнде еліміздің басым аймақтарында жауын-шашын болады деп күтілуде. «Қазгидрометтің» мәліметінше, Азиядан
келетін құрғақ ыстық ауа ағынының орнын солтүстік теңіздерден келетін ылғалды
ауа-райы алмастырады.
Сол себепті республиканың басым аймақтарында жаңбыр мен
бұршақ жауып, жылдамдығы секундына 15-20
метрге дейін жететін жел тұруы мүмкін. Тиісінше ауа температурасы да қалыпты
нормадан 3-6 градусқа төмендейді, - дейді синоптиктер.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ