Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Қызылжарлық мүгедек жасөспірімдер спорттық сайыстарда өзара бақ сынады

AstanaTV
19.08.2015ж. 20:00
1474
Қызылжарлық мүгедек жасөспірімдер спорттық сайыстарда өзара бақ сынады

Қызылжарда мүмкіндігі шектеулі жандар спорттық сайыстарда өзара бақ сынады. «Көңілді старт» атты шара «Ашық әлем» жобасының аясында ұйымдастырылған. Жарысқа 12 мен 25 жас аралығындағы отыздан астам адам қатысты. Оларды қатарында кембағал жандардан бөлек, аяқ-қолы сау азаматтар да бар.

Ұйымдастырушылар осылайша мүгедектердің мүмкіндігі шектеулі емес екендігін дәлелдеуге тырысты. Жарыстың өткізілуіне «Ардос-жүрек» бірлестігі ұйытқы болды. Аталған ұйым осымен 2-ші  жыл мүгедектердің белсенді түрде өмір сүруіне жағдай жасап келеді. Мүгедек жандар шара барысында өздерінің сегіз қырлы бір сырлы екенін көрсете білді. Олар  ән шырқап, би биледі. Мәселен, Берік Байжановтың музыка саласында жеткен жетістіктері аз емес. Қазір дарын иесі бірден екі қызметті атқарып жүр. Осыған байланысты өнерімді шыңдауға кейде уақыт тапшылық етеді, - дейді ол.

Берік Байжанов, сайыс қатысушысы:

Қазір ән айтатын уақыт жоқ. Күні бойы жұмыста жүремін. Қоғамдық бірлестіктегі негізгі жұмысымнан басқа  мәдениет үйінде әдіскер болып қызмет етемін. Сондықтан шығармашылық өмірім назардан тыс қалып жатады.

Ақжан Кәрім, «Ардос-жүрек» мүгедектер бірлестігінің директоры:

Болашақта қатысушылар спортқа ден қояды деп сенеміз. Біз осындай шаралардың арқасында кембағал жандардың мүмкіндіктері шексіз екенін көрсеткіміз келеді. Үйде отыра берудің қажеті жоқ, көбірек қимылдау керек. Мұндай шаралардың тағы бір тиімділігі - қатысушылар тек спортпен шұғылданып қана қоймай, көптеген адамдармен танысып, олармен араласа бастайды.

Абзал ҚҰРМАНКИН