$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Мемлекет басшысы Ақордада еліміздегі алпауыт компания басшыларын жинады

AstanaTV
20.08.2015ж. 20:00
1455
Мемлекет басшысы Ақордада еліміздегі алпауыт компания басшыларын жинады

Дүниежүзілік дағдарыстан ешкім тыс қалмайды. Қазақстан әлемдегі өзге мемлекеттермен экономикалық тұрғыдан байланысы бар ел. Сондықтан бұл жағдайды алдын ала барлық жағынан дайындалып, еңсеруіміз керек. Ақордаға еліміздегі алпауыт компания басшыларын жинаған Мемлекет басшысы осылай деді.

Ал отандық ірі экспорттаушылар Ұлттық валютаны инфляциялық таргеттеудің ұтымды қадам екенін алға тартты. Былтырдан бері сауда-саттық көлемі күрт төмендеп, әлемдік өндірушілермен бәсекелесе алмай қалған кәсіп иелері бұл қадамның ұтымды екеніне сенімді. Ендігі кезде, өндіріс көлемін ұлғайтып, жұмыс орындарын сақтап қалуға толық негіз бар. Нарықтағы шынайы бәсекелестік жағдайында жұмыссыздыққа жол берілмейді.
Кәсіпорын басшылары Президентті керісінше, өндіріс қайта қарқын алады, деп сендірді.

Былтырдан бері мұнай бағасы 2,4 есеге арзандаған. Металл бағасы 45,5 пайызға түсті. Қара алтынның құлдырауына ұласқан Украина дағдарысынан кейін көптеген мемлекеттер мәжбүрлі қадамға барды. Алысқа бармай-ақ, былтыр Ресей рублі екі есеге, Беларусь рублі 56 пайызға құлдыраса, Әзірбайжан валютасы 17 пайызға құнсызданған. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

С 2014 года происходит укрепление американского доллара по отношению ко всем мировым валютам. Только за последний год евро снизилось по отношению к доллару на 26%, японская йена - на 22%, австралийский доллар - на 27%, канадский доллар - на 23% и так далее. Везде происходят такие катаклизмы.

Теңгенің тізгінін босатқан біздің үкіметке экспорттаушылар алғыстарын жаудырып бақты. Енді отандық өнім сатып алу үш есеге артып, жаңа өндіріс орындары ашылмақ. Жиында сөз алған алпауыт компаниялардың қожайындары бұдан былай бірде бір жұмысшы қысқармайды деп, Президентің алдында уәде берді.

Александр Машкевич, «ERG» директорлар кеңесінің төрағасы:

Если мы продавали в Китай 6 млн тонн нашей продукции, то в этом году ноль. Если мы поставляли только на «Магнитку» 11 млн тонн, то в этом году, если мы пять поставим, то только ценой титанических усилий, потому что у российских производителей дешевле.

Владимир Ким, «Қазақмыс» корпорациясының президенті, директорлар кеңесінің төрағасы:

Например, металлоизделия в среднем мы сегодня уступаем 15-20 процентов по цене. Корректировка тенге даст самое главное - второе дыхание и вы сохраняете жизнь казахстанскому содержанию.

Абылай Мырзахметов,«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы:

Нұрсұлтан Абишевич, хочу вас заверить это решение абсолютно разумное, адекватное и крайне необходимое.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Гражданам будет компенсирована курсовая разница по старому курсу при условии, если они переоформят депозиты на специальные счета и сохранят их в банке в течение одного года. Ничего не случится. Это мера поможет поддержать 1 млн 700 тысяч человек или 86% всех депозитов. Я думаю, там большинство наших пенсионеров. На это государству придется потратиться, придется Нацбанку изыскать такие возможности и поддержать наших граждан.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ