Оқу-құралдарын саудалайтын дүкендердегі жағдай тұрақты. Мектеп тауарлары
бағасының доллар курсына еш қатысы жоқ. Сондықтан қалам-дәптерден бастап оқу
киімінің құны өзгеріссіз қалмақ.
Өскемендегі сауда орталықтарының
менеджерлері осылай дейді. Мектеп тауарларын саудалайтын ұйымдардың басым бөлігі
ресейлік жабдықтаушылармен жұмыс істейді. Анықталғандай, тауарларға тапсырыс
көктемде жасалып, ақшасы да сол кезде төленген. Яғни қазір дәптер, қарындаш,
сөмкеден бастап мектеп формасына дейін барлығы бұрынғы бағамен сатылуда, - деді
менеджерлер.
Тек бірінші сыныпқа баратындарды дайындауға бес мың теңгедей
артық жұмсалуы мүмкін. Өйткені оларға қаламсап пен дәптерге қоса, бояулар,
пластилин және басқа да қажеттіліктерді сатып алу қажет.
Светлана Должникова, сауда орталығының сатушысы:
И то, что сейчас происходит с долларом, на нас никакого влияния не
оказывает. - А то, что подрос российский рубль, вы от него не зависите? – Нет,
потому что было все проплачено, и мы не зависим.
Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ