$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Тауарлар бағасының қымбаттамауын қадағалайтын арнай штаб Қызылжар өңірінде де құрылды

AstanaTV
20.08.2015ж. 20:00
1317
Тауарлар бағасының қымбаттамауын қадағалайтын арнай штаб Қызылжар өңірінде де құрылды

Тауарлар бағасының қымбаттамауын қадағалайтын арнай штаб Қызылжар өңірінде де құрылды. Оның мақсаты - күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу. Қазір бұл ұйым мүшелері Петропавлдағы бүкіл сауда сөрелерін қатаң бақылауға көшкен. Штаб мүшелерінің айтуынша, бағаларды қалыпты жағдайда ұстау мүмкіндігі бар. Себебі жыл басынан бері солтүстік қазақстандық тауар өндірушілердің барлығымен дерлік жасалған бағаны көтермеу жөніндегі ортақ меморандум бар.

Айдарбек Сапаров, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары:

Бүгін таңертеңнен бастап аудан әкімдерімен жиын өткізілді. Арнайы штаб әрбір ауданда құрылған. Енді бүкіл сауда орталықтарында мониторинг жүргізіп жатырмыз. Баға тұрақты. Әрі қарай да тұрақты болады деп сенеміз. Сағат сайын бақылауға алып отырмыз. Бүкіл өнім өндіретін кәсіпкерлер бұған керісінше қуанып отыр. Олардың шығаратын тауарларының бағасы теңесті.

Әзірге дүкендерде қарбалас байқалмайды. Себебі негізгі тұтыну тауарларының 90 пайызын жергілікті кәсіпорындардың өздері өндіреді. Сұраныстың табан асты артып кетпегенін, Петропавлдағы ірі сауда орталығының басшысы да растап отыр. Оның пайымдауынша, нан мен сүттің бағасы бұрынғы қалпында қалмақ.

Абзал ҚҰРМАНКИН