$488.45 €529.19 ₽5.04
×

АҚШ долларымен ипотекалық несие рәсімдегендерді теңгемен қайта қаржыландыру жалғаса береді

AstanaTV
21.08.2015ж. 20:00
1640
АҚШ долларымен ипотекалық несие рәсімдегендерді теңгемен қайта қаржыландыру жалғаса береді

АҚШ долларымен ипотекалық несие рәсімдеген азаматтардың банкке төлемін теңгемен қайта қаржыландыру жалғаса береді. Бұл туралы «Қазақстан Ұлттық банкі» Атырау филиалының директоры Қозыбақ Құлбарақов мәлімдеді. «Ипотекалық  несиелерді қайта қаржыландыру» бағдарламасының жүзеге асуына жаңа ақша-несие саясатына көшу кедергі келтірмейді.

Еске салайық, аталған жобаға қазынадан 130 млрд теңге бөлініп, ол өз бастауын мамыр айында алған еді. Қайта қаржыландыру 9 айға созылмақ. Қазір екінші деңгейлі банктерге қажетті қаржы түскен. Ұлттық банк өкілінің айтуынша, ипотекалық несие әсіресе 2004-2009 жылдар аралығында америка валютасымен берілген. Осы жылдар ішінде 400-дей  атыраулық ипотекалық несиені доллармен алған көрінеді. 

Қозыбақ Құлбарақов, «Қазақстан Ұлттық банкі» АҚ АФ директоры:

Мамыр айынан бастап жұмыс жасап жатыр. 3-4 айда несиелері бар азаматтар доллардан теңгеге ауыстыруға мүмкіндік болған. Екінші айтарым, ІІ деңгейлі банктер мен несие алушылар арасында ипотекалық қарыздар бойынша түсінбеушілік болған жағдайда, облыс әкімі аппараты жанында арнайы комиссия жұмыс жасап жатыр. 

Қозыбақ Құлбарақов сондай-ақ өткен жылмен салыстырғанда Ресей рублі үш жарым есеге, ал АҚШ доллары 34 пайызға көп саудаланғанын айтты. Жыл басынан бері Атырау облысының тұрғындары 394 млн АҚШ долларын, 5 млрд  Ресей рублін сатып алған.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ