Бюджеттік мекемелерде асхананы
жалдау құнының тым қымбаттығы кәсіпкерлерді әлі де алаңдатып отыр. Мәселен,
Алматыда бюджет қызметкерлері үшін түскі астың құны шамаман 2500 теңгені
құрайды. Өйткені жоғары оқу орындары, денсаулық сақтау мекемелері және әскери
бөлімдерде асхана жалдаған кәсіпкерлер үшін жалдау құны 22-ден 28 есеге
өскен.
Бұл Ұлттық экономика министрлігінің осы жылғы наурызда жариялаған №212
бұйрығына сәйкес орын алған жағдай. Кәсіпкерлер үшін жылдық жалдау құны 130-150 мың теңге
болатын. Жаңа бұйрықтан кейін жалға алу бағасы 1 млн теңгеден асып кетті.
Мәселеге аймақтақ және ұлттық кәсіпкерлер палатасы араласқан соң, 26 маусымда
заңнамаға өзгертулер енгізілді. Жаңа
бұйрық аумақтық орналасу коэффициентін азайтып, осының есебінен жалдау ақысы 30
пайызға төмендеді. Дегенмен, бұл жеңілдікке қарамастан, кәсіпкерлер үшін қазіргі
жалдау құны 15-19 есе болып тұр. Осының есебінен шағын және орта бизнес
өкілдері түскі астың бағасын көтеруге мәжбүр.
Шолпан Аманжолова, кәсіпкер:
Бұған дейін түскі астың құны
350-450 теңге болса, ал қазір біз бағаны 5-6 есе көтеруге мәжбүрміз. Осы
мәселеге байланысты кәсіпкерлер палатасына көмек сұрап келіп отырмыз. Біздің
ойымызша, жалға алу құнын әлі де болса төмендету қажет.
Самат ҚАНАҒАТОВ