$505.15 €550.31 ₽5.89
×

Өскемен қаласында бүгін үш мыңнан астам адам бос орындар жәрмеңкесіне қатысты

AstanaTV
21.08.2015ж. 20:00
1170
Өскемен қаласында бүгін үш мыңнан астам адам бос орындар жәрмеңкесіне қатысты

Өскемен қаласында бүгін үш мыңнан астам адам бос орындар жәрмеңкесіне қатысты. Бұл рекордты көрсеткіш. Мамандардың айтуынша, қаржы нарығындағы өзгеріс азаматтардың жұмыс іздеудегі белсенділігін арттыра түскен.

Жәрмеңкеге келгендер түйіндемесімен қоса, құжаттарын түгел ала келген. Жұмыс сұрағандардың қатарында  жүзден астам зейнеткерлер мен мүгедек жандар да болды. Олар, бүгінгі күні зейнетақы мен жәрдемақыға күн көру қиын екенін, айтады. Қатысушылардың алпыс пайызы екінші жұмыс тапқысы келгендер немес қосымша табыс көзін іздеп жүргенін жасырмады.

Сергей Филатов:

Жұмыс тапсам, деймін. Мен үшін ең маңыздысы осы. Жалақы төлеп тұрса, болды. Бір жәрдемақымен күнелту қиын болып барады.

Әділжан Рустамов, психолог:

Кем дегенде, орташа табыс 70 мың теңге болуы керек. Сонда ғана адамның үйге азық-түлік, өзге де қажеттіліктерді сатып алуға мүмкіндігі болады.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ