$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Елордада тағы бес экспресс автобус жолаушылар тасымалына кіріседі

AstanaTV
21.08.2015ж. 20:00
1417
Елордада  тағы бес экспресс автобус жолаушылар тасымалына кіріседі

Елордада  тағы бес экспресс автобус жолаушылар тасымалына кіріседі. Бұл туралы «Астана LRT» ЖШС баспасөз хатшысы Айгүл Жамалова мәлімдеді. «Бұл бастаманы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен «Астана LRT» ЖШС бірге қолға алды. Жобаның мақсаты - қоғамдық көлік қозғалысының сапасын жақсарту.

Сонымен, 29 тамыздан бастап елордада № 100,101,102,103,104 автобустар жолға шығады. №100 бағыт әуежай мен теміржол вокзалын жалғастырады. 7 аялдамаға ғана тоқтайтын автобус қаланың екі шетін шамамен 43 минутта жүріп өтпек. №101 маршрут ауданаралық емхана мен Жағалау тұрғын үй алабын байланыстырады. №102 бағыттағы автобус Көктал-2 шағын ауданы мен клиникалық оңалту кешенін байланыстырады. №103 маршрут «Шарын» базары мен Қараөткел-2 тұрғын үй алабы арасында жүреді. Ал, №104 маршрут «Көктал-1» аялдамасы мен «Сарайшық» тұрғын үй кешені арасында жүреді. Экспресс автобустардағы жол ақысы бұрынғыдай 120 теңге емес, 150 теңге болады.