Ақтөбедегі
жоғары оқу орындарында білім алу құны өзгеріссіз қалды. Теңгенің АҚШ долларына
қатысты бағамы өзгергеніне қарамастан, студенттер биыл да оқу ақысын өткен жылғы
көлемде төлейді.
Мәселен, Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде білім алудың
ақысы шамамен 340-350 мың теңгені құрайды. Мемлекеттік грантқа ие болған 680
талапкерден өзгелері осы көлемдегі қаржысын төлеп оқи бермек. Оқу құны сондай-ақ Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық
университетінде де өзгеріссіз қалды.
Мұндағы төлем соңғы 3 жылдан бері Білім және ғылым министрлігі бекіткен көлемде
жүргізіліп келеді. Яғни ақылы бөлімде білім алу үшін әрбір студент 609 мың
теңге төлеу қажет.
Айнұр
Аманжолқызы, М.Оспанов атындағы БҚММУ қабылдау комиссиясы жауапты хатшысының
орынбасары:
Соңғы 3 жылдың мемлекет
тарапынан бекітілген деңгейінде осы 609 мың ақысы сақталуда. Ағымдағы жылы
437 грант біз өзіміз университетімізге ұтып тұрмыз. Және сонымен қоса ақылы
бөлімге 150 студентті қабылдаудамыз.
Мансұр ЕСХОЖИН