$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Халыққа қажетті әлеуметтік тауарлардың құнын нарықтың өзі реттеуі тиіс - А.Мырзахметов

AstanaTV
24.08.2015ж. 20:00
1044
Халыққа қажетті әлеуметтік тауарлардың құнын нарықтың өзі реттеуі тиіс - А.Мырзахметов

Халыққа қажетті әлеуметтік тауарлардың құнын нарықтың өзі реттеуі тиіс. Бұл туралы арнайы брифингте «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлімдеді. Айтуынша, Ресеймен ортақ нарықта болғандықтан, әсіресе тамақ өнеркәсібі саласындағы бәсекелестік бірдей болуы тиіс. Теңге бағамы еркін айналымға жіберілгенге дейін ресейлік тауар қазақстандық өнімнен шамамен 30 пайызға қымбат болған.

«Бүгінде отандық тауарлардың бағасын бірден теңестіруге болмайды», - дейді төраға. Керісінше, отандық кәсіпкерлер тұтыншылар алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін сезінуі қажет. Сондай-ақ тауарды сырттан импорттайтын компаниялардың өз қоймасында бұрынғы бағамен әкелінген тауарлары жеткілікті. «Ал, әлеуметтік тауарлардың құнын нарықтық жолмен қадағалау қажет», - деді Абылай Мырзахметов.

Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы:

Әрине, мемлекет өз тарапынан негізгі әлеуметтік халыққа керек тауарларды - оның ішінде нан бар, ұн бар, ұн дақылдары бар, жаңағы май дақылдары бар - соларға қадағалау жасайды. Оның да нарықтық жолы бар немесе әкімшілік жолы бар. Біздің ойымызша, нарықтық жолға көшу керек. Біз жыл сайын осындай жағдай болғанда, бәрін тек әкімшілік жаққа көшіреміз. Әкімдер базарларды аралайды, магазинді аралайды көтерме деп айтады. Меніңше, бұл нарықтық саясатқа жатпайды.   


Берік ХАСЕНОВ