Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Теңгенің еркін айналымға жіберілуі қазақстандық кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтірмейді

AstanaTV
24.08.2015ж. 20:00
1163
Теңгенің еркін айналымға жіберілуі қазақстандық кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтірмейді

Теңгенің еркін айналымға жіберілуі қазақстандық кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтірмейді. Бұл туралы «Даму» қоры басқармасы төрағасының орынбасары Дәулет Әбілқайыров мәлімдеді. Айтуынша, елімізде шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру ісі ұлттық валютамен жүргізіледі. Ал қордың шетелдік валютамен берілетін несие мөлшері тек 3 пайызды құрайды.

Сондай-ақ, ол отандық кәсіпкерлерді қолдау мақсатында биылғы жылдың соңына қарай «Даму» қоры «АзияДаму банкінен» 228 миллион доллар несие алуды көздеп отырғанын жеткізді. Шағын және орта бизнесті қаржыландыру көлемі қысқартылмайды. «Керісінше, бұл бағытта инвестициялар тартылып, шетелдік валютада алынған несиелер сақтандырылатын болады», - деді Дәулет Әбілқайыров.

Дәулет Әбілқайыров, «Даму» қоры басқармасы төрағасының орынбасары:

Теңге бағамын түзету кәсіпкерлік климатқа ешқандай әсер етпейді. Болашақта кәсіпкерлердің жұмысын жандандыру күтілуде. «Даму» қоры орта және шағын бизнеске қолдау көрсету қарқынын төмендетуді не болмаса қысқартуды болжамайды. Керісінше, біздің көмегіміздің мөлшері тек ғана өсе түседі.

Жұрағат БАМАН