$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Бес адамның өмірін қиған павлодарлық арнаулы мекемеге мәжбүрлі емделуге жіберілді

AstanaTV
24.08.2015ж. 20:00
1656
Бес адамның өмірін қиған павлодарлық арнаулы мекемеге мәжбүрлі емделуге жіберілді

Бес адамның өмірін қиған павлодарлық Ермұрат Иманқұлов ақыл-есі ауысқан деп танылып, арнаулы мекемеге мәжбүрлі емделуге жіберілді. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты осындай шешім шығарды. Мұнымен мемлекеттік айыпталушылар да келісіп отыр. Сот ұйғарымы сот-психологиялық-психиатриялық сараптамалар кешенінің қорытындысына негізделген. Анықталғандай, оның жазасын өтеу мерзімі арнаулы мекемеден айығып шыққан соң белгілі болмақ. 

Самат Қабдығалиев, Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың өкілі:

Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соттың 2015 жылғы 24 тамыздағы қаулысына сәйкес, айыпталушы қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Сот шешімі бойынша ол мәжбүрлі түрде республикалық психиатриялық ауруханаға емделуге жіберілді. Алдағы уақытта мамандардың қарауында болады.

Еске салайық, жан түршігерлік оқиға өткен жылдың 27 қазанында орын алды. Павлодар қаласындағы жалдамалы пәтерден тәртіп сақшылары бес адамның мәйітін табады. Сол заматта қанды оқиға орын алған Торайғыров көшесіндегі көп қабатты үйлердің бірінен полицейлер пышақ жарақатын алған ер азаматты құрықтайды. Тергеу тексеру барысында 35 жастағы күдікті Ермұрат Иманқұловтың әйелі мен баласын, туған ағасы және әпкесін сондай-ақ кішкентай жиенін өлтіргені белгілі болады. Жауап алу кезінде ол мұндай сұмдық әрекетке материалдық жағдайдың қиындауынан барғанын айтып, ақталған.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ